Пен клуб өкілдері студенттермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пен клуб өкілдері студенттермен кездесті

24.09.2014
Пен клуб өкілдері студенттермен кездесті

Қазақ жазушысының Нобель сыйлығын алатын күні алыс емес.  Бұл  жайында  Қазақстандық Пен клубтың президенті Бигелді Ғабдуллин Л.Гумилев  атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттерімен кездесу  барысында  мәлімдеді.

Сондай-ақ, басқосуға халықаралық Пен клубтың бас хатшысы Хори Такеаки қатысты. Жастар  меймандарға әлем және қазақ  әдебиетіне қатысты өздерін  толғандыратын сауалдарын  қойды. Жалпы осы уақытқа дейін клубтың  бастамасымен Әбдіжәміл Нұрпеисовтың «Қан  мен  тер», «Соңғы парыз» романдары АҚШ-та жарық көріп, шығармалары Нобель сыйлығына ұсынылған.

Лаура БЕКЖІГІТ

Хабарламаларға жазылу