Шымкент тұрғыны фейсбук әлеуметтік желісінде халықаралық компания атын жамылған алаяқтың арбауына түсіп, 17 миллион теңгесінен айырылып қалды. Ол биржалық нарықта ақшалай қаражатты көбейтіп беремін деген жарнамаға сеніп қалған. Алаяқ жәбірленуші әйелдің сеніміне кіріп, ақшаны «Meta Trader 4» бағдарламасына салғызып, соңынан өзі иемденіп алған. Қазіргі таңда полиция күдіктілерді іздеп жатыр.
Ғани Қалмаханов