Қарағанды маңындағы 70 гектар жер күлге айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды маңындағы 70 гектар жер күлге айналды

05.07.2022

Қарағанды маңындағы орманды алқаптарды жайпаған 2 ірі өрт ошағы сөндірілді. Жалпы жанған жер аумағы 70 гектар, оның 40 гектары орман. Тілсіз жау 6 саяжай үйін және 7 саяжай аумағындағы 15 шаруашылық ғимаратын да шарпыған. Бұл аумақтардан 5 адам құтқарылды. Тағы 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласынан алдырылған су төгу құрылғысы бар тікұшақ жұмыс істеді. Сондай-ақ, әскерилер, Төтенше жағдай қызметі, атқарушы билік пен полицияның 300-дей адамы және 68 техника жұмылдырылды. Өрт кеше кешкілік толық сөндірілді. Артынша жауған нөсер жауыннан соң бықсыған аумақтар түбегейлі өшті.

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:

Бүкіл жұмыстардың арқасында саяжай үйлердің көп зардап шекпеуін болдырмауға тырыстық. Барлау нәтижелері бойынша 6 саяжай жанды. Оның біреуі толықтай жанып кетті. Қалғанының тек шатырлары ғана зардап шекті.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу