Қор биржасы: Көк қағаз 463-467 теңгеге саудаланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қор биржасы: Көк қағаз 463-467 теңгеге саудаланып жатыр

04.07.2022

Қаржы нарығына тоқталсақ. Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттықта доллар өткен жұмамен салыстырғанда 1 теңге 58 тиынға арзандап, 464 теңгеге теңесті. Ақша айырбастау орындарында көк қағаз 463-467 теңгеге саудаланып жатыр. Ұлттық банк өкілдері маусымда валюта нарығында интервенция, сондай-ақ зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операция жүргізбегенін хабарлады. Ал теңге бағамы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты өзгеруі мүмкін дейді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу