Анкарада түркі тарихының 17-ші конгресі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада түркі тарихының 17-ші конгресі өтуде

23.09.2014
Анкарада түркі тарихының 17-ші конгресі өтуде

1932 жылы ел көсемі Мұстафа Кемаль Ататүріктің бастамасымен ұйымдастырылған бұл жиынға түрлі елден 249 делегат қатысуда.

Олардың арасында еліміздің танымал археологы Зейнолла Самашев бастаған бірқатар ғалым да бар.

Бірнеше күн бойы сала мамандары Орталық Азия және Кавказ, ескі Анадолы мен Османлы тарихы сияқты өзекті мәселелерді талқылап, өздерінің зерттеп жүрген жұмыстарымен бөліседі.

Тараптар археолог мамандарды бірігіп дайындауға келісті. Енді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері Түркияның атақты ғалымдарынан дәріс тыңдай алады.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу