Қарағанды қаласының маңындағы шалғынды және тоғайлы алқаптарды өрт шалды. Күшті желдің салдарынан отты сөндіру қиынға түсуде. Оқиға орнында Төтенше жағдай қызметкерлері мен орман шаруашылығының мамандары жұмыс істеуде. 66 адам мен 10 техника жұмылдырылған. Екі күн бұрын осы орманды алқапта өрт шығып, 3 гектар жер жанып кеткен еді. Тілсіз жаудың тұтануына негізінен қала сыртына шығып демалушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болып отыр.
Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:
Өртті сөндіру екпінді желдің салдарынан қиындап тұр. Қазір шеткі көшелерге таяу жерлер жануда. Бұған қоса саяжайлар аумағына да қауіп бар. Орман шаруашылығы мен Төтенше жағдай қызметкерлері өртті сөндіруге жұмыдырылды. Жағдай бақылауда.
Руслан Нұрланұлы