Көкшетауда жас құтқарушылардың республикалық жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда жас құтқарушылардың республикалық жарысы өтті

04.07.2022

Көкшетауда жас құтқарушылардың республикалық жарысы өтті. Оған еліміздің барлық аймақтарынан келген 13 пен 17 жас аралығындағы 200-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Командаларда ұлдармен қатар қыздар да бар. Сайыс 7 кезеңнен өтті. Жас құтқарушылар алғашқы медициналық көмек, суда іздестіру жұмысы, өрт сөндіру және табиғи апат аймағынан құтқару сынды тапсырмаларды орындады. Сайысқа қатысқан оқушылардың көбі болашақта құтқарушы, өрт сөндіруші болуды армандайды. Әрі бұл балалар қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін біліп өседі, қатарластарына да жеткізеді, дейді ұйымдастырушылар. 5 күнге жалғасқан жарыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келген команда үздік шықты.

Досжан Бекқалиев, қатысушы:

Құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге қызығушылығымызды арттырып, болашақта осы мамандық иесі болуымыз да әбден мүмкін деген ойдамын. Және осы жарыста көптеген турлар өтіп жатыр. Осы бірі - арқан немесе өрт сөндіруші эстафеталары және де стенгазата сияқты турлар өтіп жатыр және де осылардың барлығы біздің болашақта осы өрт сөндіруші қызметіне, не құтқарушы болуға көптеген септігін тигізеді деген ойдамын.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу