Париждік қауым «Астана Балет» ұжымының өнерін жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждік қауым «Астана Балет» ұжымының өнерін жоғары бағалады

23.09.2014
Париждік қауым «Астана Балет» ұжымының өнерін жоғары бағалады

Парижде Қазақстанның Франциядағы мәдени маусымы шеңберінде «Астана Балет» хореографиялық ұжымының қойылымы өтті.

Конгресс Сарайында мемлекеттік театр әртістерінің қойылымын париждік өнерсүйер қауымы үздік бағалады, деп СІМ хабарлады.

Қойылымға Парламент мүшелері, Елисей сарайының, Үкімет, халықаралық дамыту және Сыртқы Істер министрлігінің, сондай-ақ өзге де орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, іскерлік орталардың өкілдері, мәдениет және ғылым, сонымен қатар, Париждегі дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың қайраткерлері қатысты.

Қазақстанның Франциядағы мәдени маусымы шеңберінде өтетін түрлі шара 2014 жылдың соңына дейін созылмақ.

Хабарламаларға жазылу