Мысырдың Қызыл теңіз жағалауында акуланың шабуылынан екі әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға оңтүстіктегі Хургада қаласы маңында болған. Мұны елдің қоршаған ортаны қорғау министрлігі хабарлады.
Румыниялық және австриялық туристердің қазасынан кейін «Сахл-Хашиша» жағажайы жабылды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, шабуылдар бір-бірінен 600 метр қашықтықа жасалған.
Аталған министрліктің мәлімдеуінше, трагедияны тергеу үшін және оның кез-келген ғылыми себебін анықтау үшін комиссия құрылды.