Копенгаген қаласында қарулы жігіт үш тұрғынды атып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Копенгаген қаласында қарулы жігіт үш тұрғынды атып өлтірді

04.07.2022

Дания астанасы Копенгагендегі сауда орталығында ер адам оқ жаудырып, 3 тұрғынды мерт қылды. Тағы бірнешеуі жараланған. Оқиғадан кейін 22 жастағы азамат тұтқындалды. Оның бұл шабуылды неліктен жасағаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, күдіктінің әрекетіне «терророризм актісі» деген сипаттама берілуі мүмкін. Ұсталған адамнан винтовка мен оқ-дәрі тәркіленді. Және де тәртіп сақшылары оны «этникалық дат ұлтының» өкілі деп атады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу