Отандық дәрігерлер гидронефрозды емдеудің жаңа әдістерін үйренді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық дәрігерлер гидронефрозды емдеудің жаңа әдістерін үйренді

02.07.2022

Еліміздегі урологтар гидронефроз диагнозы қойылған балаларға эндоскопиямен операция жасаудың тың әдістерін үйренді. Елордаға арнайы шақыртылған түрік дәрігерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізді.

Әли Текин – осы дертті 25 жыл бойы емдеп жүрген білікті маман. Бүгінде Стамбулдағы клиникада жұмыс істейді. Жыл басында 2-ші балалар ауруханасы осы медициналық мекемемен меморандумға қол қойған. Мақсат - отандық урологтардың біліктілігін арттыру, жаңа технологияны игеру. 

Әли Текин, дәрігер-уролог, профессор:

Болашақ аналар үшін скринингтік тексеруден өтудің маңызы зор. Бүгінде ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен құрсақтағы баланың гидронефрозын анықтап, диагноз қоюға мүмкіндік бар. Кейбір жағдайда нәресте тумай жатып та, емдеу шараларын бастай беруге болады. 

Хабарламаларға жазылу