Түркістан облысында мүгедек жандарға тиісті көмек берілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында мүгедек жандарға тиісті көмек берілмеген

02.07.2022

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар тиісті жеңілдіктерден қағылған. Мұндай заңбұзушылықтар облыстық прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеріс кезінде анықталды.

Мәселен, Отырар ауданында үш бірдей кәмелетке толмаған балаға мүгедектік заңсыз тағайындалған. Яғни осы салаға жауапты мамандар жалған құжат жасап, балаларды мүгедектер қатарына қосқан. Тиісті төлемдер де төленіп кеткен. Ал, Сарыағаш пен Сайрамда және Түркістан қаласында керсінше мүгедектер керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Арыс қаласы мен Сайрам ауданында кембағал жандарды жұмыспен қамту үшін бөлінетін квоталар мерзімінде белгіленбеген. Осы заңсыздықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Ермахан Әбжанов Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:

Aнықталған заңсыздықтар бойынша қазір прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, бүгінгі таңда қаралау барысында. Нәтижесімен біршама лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

Хабарламаларға жазылу