Францияда әуежай жұмысшылары ереуілдетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда әуежай жұмысшылары ереуілдетіп жатыр

01.07.2022

Францияда әуежай жұмысшылары ереуілдетіп жатыр. Олардың талабы – инфляция шарықтаған шақта жалақыны көтеру және жұмысқа жағдай жасау.

Осы акция салдарынан өткен тәулікте Париждің Шарль де Голь халықаралық әуежайында авиациялық рейстердің 10 пайызы доғарылып, мыңдаған жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Бұл жағдай бүгін де қайталанады деген болжам бар. Соңғы апталарда Еуропаның бірнеше әуекомпаниясы мен әуежайында ереуілдер өтіп, ондаған мың адам сапарға аттана алмады.

Келесі айда да аймақта осы сала қызметкерлері жолаушылардың көбеюі мен жұмыс күші тапшылығын алға тартып, айлықты өсіруді тағы да талап етуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу