Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ұзақ мерзімді сараптама жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ұзақ мерзімді сараптама жасалады

01.07.2022

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ұзақ мерзімді сараптама жасалады. Бұл туралы Түркістан тұрғындарымен кездескен Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты. Кесене ішіне арнайы есептегіш құралдар орнатылған. Қазір олар тарихи нысанның ішіндегі өзгерістерді есептеп жатыр. кейін оған арнайы сараптау жұмыстары жүргізіледі. Оның қортындысын халықаралық мамандар шығаратын болады. Соның нәтижесінде кесене қайта қалпына келтіріледі. Сондай-ақ кездесуде Дәурен Абаев ішкі туризмді дамыту, мәдениет пен спортқа көңіл бөлу, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту жайын да сөз етті. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Менің ойымша ашық пікір-талас болды. Ағаларымыз, апаларымыз көп дүниелерді айтты. Расында ондай мәселе бар. Оны қолға аламыз. Жалпы біздің бәріміздің, елдің, билікте жүрген азаматтардың ойы бір. Осы елімізді одан әрі дамытып, жаңа деңгейге көтеру.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу