Жамбыл облысында екі жұмысшы тас үгітетін диірменнің ішінде қалып қаза тапты.
Қайғылы оқиға «Казфосфат» серіктестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болды. «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын құрылғы ішінде 5 адам жөндеу жүргізіп жатқан. Осы кезде диірмен өздігінен іске қосылып кеткен. Салдарынан екі адам оқиға орынында қайтыс болды. Олардың туыстары бұл жазатайым оқиға дегенге сенбейді.
Эльмира Мұратқызы, жұмысшының туысы:
Оның қосылуы мүмкін емес екен. Ол бұзылған. Біреу қосқан, басқа менің ойым жоқ. Өйткені тез қосылып, тез өшкен. Сол күнгі механик, мастер бар, басқасы бар. Сол күні кім болды жауаптылардан, солардың бәрі жауап берсін. Өйткені бұл солардың қателігі.
Қаза тапқан 1987 жылғы Айдар Қыдыралиев пен 1994 жылы туған Наурызбай Үсен комбинатта дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген. Олармен бірге болған үш адам түрлі дене жарақатын алды. Медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылған.
Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Еңбек инспекциясы да тексеруді бастады.
Бекжан Әбді, Облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы:
Енді біз тергеп-тексеру барысында айқындайтын боламыз. Ол өзінен қосылды ма, жоқ біреу қасақана қосты ма? Бұл оқиға енді жұмыс барысында болған жағдай, сондықтан бұл жазатайым оқиғамен әлбетте байланысты болады. Ар жағын комиссия айқындайды.