Ақордадағы қабылдау: қыркүйекте дәстүрлі съезд өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордадағы қабылдау: қыркүйекте дәстүрлі съезд өтеді

01.07.2022

Қыркүйекте әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Оның басты тақырыбы – адамзаттың пандемиядан кейін рухани және әлеуметтік дамуында діни көшбасшылардың атқаратын рөлі. Бұл туралы мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдау кезінде айтты.

Президент Патриарх Кириллдің аталған форумға қатысуы жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогқа тың серпін береріне сенім білдірді. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев православ шіркеуінің Қазақстанда бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу