Үндістандағы лай көшкіні әсерінен құрбандар саны 19-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістандағы лай көшкіні әсерінен құрбандар саны 19-ға жетті

01.07.2022

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Манипур штатының астанасы Импхал қаласы маңында алапат лай көшкіні жүрді. Салдарынан 19 адам қаза тауып, 50 шақты тұрғын жоғалып кетті. Апат болған жерге 200-дей құтқарушы жіберілді. Оларға қазір әскерилер мен полицейлер көмектесіп жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, төпелеп жауған жаңбыр лай көшкінінің жүруіне себеп болған.

Айта кетсек, өткен айда Үндістан мен Бангладеште муссон жауыны мен су тасқынынан 150-ден астам адам опат болған еді. Тағы миллиондаған адам үйлерін тастап кетті. 

Хабарламаларға жазылу