Президентке қазақстандықтардың 83 пайыздан астамы сенім артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президентке қазақстандықтардың 83 пайыздан астамы сенім артады

01.07.2022

Мемлекет басшысына қазақстандықтардың 83 пайыздан астамы сенім артады. Әлеуметтік зерттеу нәтижесі осындай.

Маусымның 9-ы мен 28-і аралығында Qalaisyn.kz платформасында президентке және мемлекеттік органдарға қатысты онлайн-сауалнама жүргізілді. Оған бүкіл аймақтан 18 жастан асқан 6 мың респондент қатысты.

Сауалнама көрсеткендей Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың 83,63 пайызы сенім білдірген.Сұралғандардың 78,81 пайызы президент жұмысының нәтижелеріне риза екенін көрсетті. Ал 60 процентке жуығы Тоқаев президент болған кезде елдегі жағдай жақсарды деп есептейді.

Ал 21-23-ші маусымда 1200 қазақстандық арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, президенттің соңғы жетістіктерінің арасында Ұлттық құрылтайдың құрылуы ерекше назарда тұр. Респонденттердің 74,52 пайызы бастаманы қолдаған. 73,89 пайызы Құрылтай жұмысының басталуына байланысты жағдайдың жақсаруын күтеді. 

Хабарламаларға жазылу