Түркістан облысы, Жетісай ауданында төрт мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілмеген. Олар азық-түлік пен тоқсан сайын берілетін тұрмыстық химия тауарларынан қағылып келген. Мұндай заңбұзушылықтарды ауданның прокуратура қызметкерлері анықтады.
Мамандардың мәліметінше, тұрмысы төмен жанұялардағы 5 440 балаға үш ай көлемінде тиісті заттар жеткізілмеген. Ауыл әкімдіктеріне отбасы мүшелері көмек сұрап барғанымен, жауапты мамандар құр қол қайтарған.
Мақсат Ералиев, Жетісай ауданы прокурорының орынбасары:
Oсы салаға жауапты 8 тұлғаға қатысты тәртіптік іс өндірісі қозғалып, барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олар осы ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары.