Мұсылман қауымның ұлық мейрамы – Құрбан айтқа санаулы күндер қалды. Биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 9 шілде болып бекітілді. Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Сондай-ақ, бас мүфти сауаптар еселеп жазылатын бұл күні кәсіпкерлерді құрбандыққа шалатын мал бағасын шарықтатпауға, ал жамағатты ізгі амалдар мен жақсылық жасауға шақырды.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Биыл біз дәстүрлі өзіміздің қайырымдылықтарымызды жалғастырамыз. Енді Құрбан ниеттерінен бөлек, шамамызға қарай халқымызға бар көмегімізді беретін боламыз.