Атырауда 24 жастағы Өзбекстан азаматшасы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 24 жастағы Өзбекстан азаматшасы ұсталды

01.07.2022

Атырау қаласында жалдамалы пәтерін есірткі ордасына айналдырған Өзбекстан азаматшасы ұсталды.

Заңсыздық «Қарасора» іс-шарасы кезінде анықталған. Тергеу барысында 24 жастағы шетелдіктен ұнтақ салынған 2 полиэтилен пакет пен өсімдік тектес қағаз түйіншек және синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылды.

Облыстық сот сараптамалары институты тәркіленген заттардың кептірілген марихуана екенін дәлелдеді. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу