Қызылордада қала тұрғындарын алдап, қаржы алып келген алаяқ әйел ұсталды. Ол жәбірленушілерге 20 миллион теңге көлемінде залал келтірген. 32 жастағы келіншек былтыр 19 азаматтың сеніміне кіріп, «мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін» деп әр қайсысынан қомақты ақша алған. Содан бері үйден күдерін үзгендер енді берген қаражаттарын қайтара алмай полицияға шағымданған. Қазір осы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы аймақта алаяқтық қылмыстар тыйылар емес. Жыл басынан бері 322 дерек тіркелген.
Әділбек Серікұлы