Шымкентте серіктестік басшысы мүмкіндігі шектеулі балаларға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған. Директор жарымжан бүлдіршіндер үшін ойын алаңын салу кезінде 3 миллион теңгені иемденіп кеткен. Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын болған. Тергеу барысында оның атқарылған жұмыстарды жалған құжаттармен рәсімдегені анықталып отыр. Бұл істі қаржы мониторингі агенттігі, Шымкент қалалық департаменті әшкереледі.
Ғани Қалмаханов