Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында балалар саз мектебінің бас есепшісі қызметкерлердің 22 млн теңгеден астам жалақысы мен басқа да төлемдерін өз шотына аударып, қаржыны құмар ойындарға салған.
Экономикалық тергеу департаментінің мамандары күдіктіні анықтап, оған қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол қызметін асыра пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған қаражатты заңсыз иеленген. Жымқырған ақшаны ойын-сауық және букмекерлік кеңселерге жұмсаған.
Теректі аудандық соты бұрынғы бас бухгалтер Бердниковті қылмыстық құқықбұзушылығы үшін кінәлі деп таныды. Мүлкін тәркілемей, 5 жылға мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қаржылық қызмет лауазымын атқару құқығынан және жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.