Парижде Францияның соғыстан кейінгі тарихындағы ең сұмдық теракті үшін айыпталғандарға қатысты сот аяқталды. 20 адамның бәріне кінәлі деген үкім шықты. Солардың ішінде тірі қалған жалғыз айыпталушы – 32 жастағы Салех Абдеслам өмір-бақи түрме жазасына кесілді.
2015 жылы қарашаның 13-де лаңкестің шабуылдан Францияда 130 адам мерт болып, 350-і жараланған. Ал осы іске қатысты ауқымды сот 2021 жылы қыркүйекте басталды. Сол процесс барысында миллион беттен астам дәлел келтіріліп, 2,5 мың адам тыңдалып, 300-дей адвокат сөз сөйлеген.