Атырауда егіздер үшінші қабаттан құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда егіздер үшінші қабаттан құлап кетті

30.06.2022

Атырауда 5 жастағы егіз қыз тұрғын үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлап кетті.

Оқиға қаладағы Нұрсая шағын ауданында болған. Қазір егіздер ауруханада жатыр. Жағдайы белгісіз. Өйткені ата-анасы ақпарат беруге қарсы.

Жалпы бұл биыл тіркеліп отырған екінші жағдай. Ал өткен жылы терезеден құлап 2 бала көз жұмып, 3 бүлдіршін жарақат алған. Олардың да арасында егіздер бар.

Хабарламаларға жазылу