Түркістанда ҰБТ кезінде қулық жасаған 100-ден астам оқушының нәтижесі қайта тексеріледі.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев осындай мәлімдеме жасады.Оның сөзінше, аталған өңірдегі тестілеу орталықтарында жаппай ереже бұзу жағдайлары тіркелген. Мәселен, кейбір тестілеу орталықтарында талапкерлер ҰБТ-ны бөгде тұлғаларды көмегімен компьютерге қашықтан қосылу арқылы тапсыруға тырысқан. Осы деректер бойынша қазір тиісті шаралар қабылданып, құзыретті органдарға тапсырылған. Анықталған жағдайдан соң, орталық қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.
Ал 100-ден астам талапкердің ереже бұзғаны анықталған жағдайда жинаған ұпайлары жойылып, олар грант конкурсқа қатыспайды.
Айнұр Ақбаева