Жыл соңына қарай мұнай 136 долларға дейін қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына қарай мұнай 136 долларға дейін қымбаттауы мүмкін

29.06.2022

Жыл соңына қарай мұнай 136 долларға дейін қымбаттауы мүмкін. Мұндай болжамды Goldman Sachs дүниежүзіндегі тауарды зерттеу бөлімінің басшысы Джеффри Карри жасап отыр. Сарапшылар Ресейге қарсы санкцияның күшеюі, Иранның ядролық келісім жасауда қиындыққа тап болуы шикізат құнының өсуіне ықпал етеді деп санайды.

Сонымен бірге ОПЕК-ке мүше елдердің еркін өндіріс көлемін азайтуы да бағаға әсер етпей қоймайды. Егер әлемдік нарықта шикізат тасымалы азайса, Brent сұрыпты мұнай 135 долларға дейін шарықтайды. Ал осы аптада аздап арзандағанына қарамастан, бүгін қара алтын құны өсті: 117 долларға саудаланып жатыр. Америка мұнайы 113 доллар шамасында.


Хабарламаларға жазылу