Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

29.06.2022

Елде коронавирус қаупі әлі сейілген жоқ. Індет жұқтырғандардың саны күрт өсіп келеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте 110 адам инфекция жұқтырған. Оның басым бөлігі мегаполистердің тұрғындары. Алматыда - 56, Елордада - 29, Шымкентте - 7, қалған өңірлерде 3-4 адамнан COVID-19 анықталған. Ал, сыртқаттанып қалған 48 адам емделіп шықты.

Жалпы пандемия басталғалы коронавирусты бір миллион 300 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 90 пайызы сауығып шықты.


Хабарламаларға жазылу