Мумбайда ғимарат құлап, 19 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мумбайда ғимарат құлап, 19 адам қаза тапты

29.06.2022

Үндістанның қаржылық астанасы Мумбайда 4-қабатты ғимарат құлап, кемінде 19 адам қаза тапты.

Соңғы мәліметке қарағанда, құрбандар саны артуы мүмкін. Өйткені, бірталай тұрғын үйінді астында қалып қойған. Ал құтқарушылардың жұмысына жаңбыр кедергі жасап жатыр. Он шақты адам ауруханаға жеткізілді. Бірақ, олардың көбі жеңіл жараланғандықтан үйлеріне жіберілген.

Мумбайда муссон жаңбырлары маусымында мұндай оқиғалар ешкімге таңсық емес. Өйткені, құрылыс сапасы нашар болғандықтан, мұнда үйлер жиі құлайды.


Хабарламаларға жазылу