80 мың киікті атуға рұқсат беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

80 мың киікті атуға рұқсат беріледі

29.06.2022

Орал популяциясына жататын 80 мың киікті атуға рұқсат беріледі. Киік санын реттеуге қатысты шешім биологиялық негіздеме аяқталған соң қабылданған. Бұл туралы бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

Сондай-ақ, 500-ге жуық киік зерттеу үшін алынады. Соңғы санақ бойынша, еліміздегі киік саны 1 млн 300 мыңға жетті. Орал популяциясында 800 мың бас бөкен бар.

Министрдің мәліметінше, киік санын реттеу шаралары популяциялардың санын шектеп ұстау дегенді білдірмейді. Киіктерді ату шаралары күзде басталады.  

Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

Реттеу дегеннен кейін белгілі бір нормалар бар екені түсінікті. Бұл қажетті шара. Ауыл шаруашылығы жануарларымен қайшылықтар болмау үшін осылай істеу керек. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында киіктер жайылымдарға ғана емес, егін алқаптарына да кіріп жатыр. Сондықтан бір жағынан проблема да бар.

Хабарламаларға жазылу