Алматыда арықтарды роботтар тексереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда арықтарды роботтар тексереді

29.06.2022

Алматыда арық жүйесін тексеру, бақылау жұмыстарына қашықтан басқарылатын роботтар пайдаланыла бастады. Дөңгелекті құрылғы қиын жерлерден оңай өтіп, жер астындағы жағдайды тікелей монитор арқылы көрсете алады. Аппараттың көмегімен құбырдың ластануын, шіру деңгейін және ақауларды анықтауға болады.

Шаһарда су басудың негізгі себебі - арық желісінің басым бөлігінің жарамсыздығы. Қолданыстағы кәріз жүйесі көп жылдан бері қараусыз қалған. Әкімдік арық желісін салуға мүмкіндік жоқ жерлерде ағынды бұру жұмыстарын қолға алған. 

Мұрат Жексембаев, қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім басшысы:

Тұрақты түрде су басатын аймақтар анықталды. Сонымен қатар 16 коллектор бар. Су өткізетін үлкен жер астындағы трубалар. Солардың 12-ін тазалау жұмыстары жоспарланып отыр. Және 102 аймақтың 70-ке жуығын жылдың аяғына дейін түзеп, тазалап, арықтарды коллекторларға қосып, қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу