Жұмыстан шыққан азаматтар емханаларда өздігінен төлем жасауы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыстан шыққан азаматтар емханаларда өздігінен төлем жасауы қажет

29.06.2022

Медициналық сақтандырылған азаматтар жұмыстан шығып кетсе, 3 ай көлемінде ғана емханалардан тегін қызмет ала алады. Артынша жаңа қызметке орналаспаса, ай сайын 3 мың теңгелік төлемді қорға өздігінен аударып отыруы қажет. Бұл туралы Алматы бойынша медсақтандыру қорының басшысы мәлімдеді. Тілеухан Әбілдаев өткен 4 айдағы жұмыс қорытындысымен бөлісті.

Атап айтсақ, биыл міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен 3142 жасанды ұрықтандыру жасау жоспарланған. Соңғы 4 айда 476 адам ЭКО пайдаланған. Сондай-ақ, жыл басынан қордың қалалық бюджетіне 42,5 млрд теңге түскен. Филиал басшысы осы жүйеге енбей жүрген азаматтар көп екенін атап өтті. 

Тілеухан Әбілдаев, медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы бойынша филиалының директоры:

Алматы қаласы бойынша бүгінгі таңда 81,4 пайыз тұрғындар осы сақтандырылған мәртебесін алған. Ал 18,6 пайыз халықтың сақтандырылған мәртебесі жоқ. Сондықтан, бұл бағытта бірталай жұмыстар жүргізуімізге тура келеді. 

Хабарламаларға жазылу