Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамға жетті

29.06.2022

Қазақстанның этникалық құрамы туралы деректер жарияланды. Бұл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында көрсетілген. Қазір құжат жария талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер " интернет-порталына шығарылды. Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамға жетті. Оның ішінде: қазақтардың үлесі - 69,03%, орыстар – 18,47%, өзбектер – 3,29%, ұйғырлар – 1,5%. Қалған ұлты өкілдері 7,73 пайызды құрайды. Елдегі ең аз ұлт башқұрттар, ол – 0,09 %. Жалпы халық саны жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған статистика деректері ел халқының тұрақты ұлғаю үрдісін көрсетеді. Соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ке өсті.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу