Петропавл тұрғыны жалған хабарлама үшін 1 жылға бас бостандығынан айрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл тұрғыны жалған хабарлама үшін 1 жылға бас бостандығынан айрылды

29.06.2022

Көпқабатты үйді жарып жіберемін деп жұртты дүрліктірген Петропавл тұрғыны 1 жылға бас бостандығынан айрылды.

Оқиға осы жылдың ақпан айында болған. Телефон террорисі полицияға хабарласып, қолында бомба тұрғанын айтқан. Оқиға орнына жеткен арнайы қызмет өкілдері ақпараттың жалған екенін анықтады. Полицияға телефон шалған тұрғын мас күйінде тергеу изоляторына жеткізілген болатын. Енді ол жасаған қылмысы үшін темір тордың аржағында жазасын өтемек.

Нұрбек Баекин, СҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Ер адамның бұл әрекеті қала тұрғындарының мазасын кетірді. Сондай-ақ объектілердің, меншік иелерінің жұмысына кедергі келтіреді. Ғимараттардан адамдарды эвакуациялау керек. Қылмыстық кодекс бойынша ірі көлемдегі айыппұл не болмаса 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

Эльмира Каленова

Хабарламаларға жазылу