Өскеменде 2 шілдеден бастап қолма-қол есеп айырысатындар үшін қоғамдық көлікте жолақы 130 теңгеге қымбаттайды. Ал карта немесе QR-код арқылы төлейтіндерге 90 теңге қалпында қалды. Жетіден он бес жасқа дейінгі балалар картасыз автобусқа отырса 65 теңге төлейді. Жалпы Өскеменде жол ақысын электронды төлеу жүйесі 2021 жылы енгізілген. Сол уақыттан бері есеп айырысатын 44 мың карта сатылған.