Бүгін Астанада Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер конкурсының 7-ші маусымы басталды. Конкурс 19-27 қыркүйек аралығында өтеді. Қатысуға ниет білдірген өнерпаздардың жалпы саны - 64.
Халықаралық төрешілер құрамында опералық өнер мэтрлары мен мәртебелі меймандар Франция елінің қоғам қайраткері Граф Шереметьев, КСРО-ның Халық әртісі Михаил Мунтаян да бар. Вокалистер конкурсының қазылар алқасының төрайымы КСРО-ның Халық әртісі, академик Бибігүл Төлегенова.
Айғаным АЛИПОВА