Кременчюк қаласында Ресей әскерінің шабуылынан 16 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кременчюк қаласында Ресей әскерінің шабуылынан 16 адам қаза тапты

28.06.2022

Ресей әскері Украинаның Кременчюк қаласындағы сауда орталығына зымыранмен соққы берді. Шабуылдан 16 адам қаза тауып, 59-ы жараланған. Германияда бас қосып жатқан «Үлкен жетілік» тобы бұл оқиғаны «әскери қылмыс» деп айыптады.

Президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, ракета тигенде, ғимарат ішінде мың шақты адам жүрген.

Болжамдарға қарағанда, құрбандар саны өсуі мүмкін. Дегенмен, Мәскеу Украинада «бейбіт халық пен азаматтық нысандарды көздеді» деген мәліметті үнемі жоққа шығарып келеді. Ресейліктердің сөзінше, олар украин армиясының позициялары мен қару-жарақ қоймаларына ғана соққы береді.

Хабарламаларға жазылу