Алматы әкімдігі өнерпаздардың концертіне 220 млн теңге жұмсамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімдігі өнерпаздардың концертіне 220 млн теңге жұмсамақ

28.06.2022

Алматы қаласының әкімдігі Роза Рымбаева, Марат Бисенғалиев және Жәмила Серкебаеваның концертіне бюджеттен 220 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов өзінің жеке парақшасында жазды.

Белсендінің айтуынша, бұл шығынға залдарды жалға алу, концерттерге қажетті дыбыс пен жарық, костюмдер және тағы басқа да қосымша қызметтер кіреді.

Қалалық мәдениет басқармасы бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл сома мәслихаттың жұмыс тобы мен сессиясында, сондай-ақ қоғамдық кеңес отырыстарында әлі де жан-жақты қаралады. Ұсыныстар мен ескертулер енгізіледі. Мәселен, талқылаудан кейін Жәмилә Серкебаеваның концертіне бюджеттен қаржы бөлінбейтін болып шешілген. Барлық шараны ұйымдастыру ашық тендер арқылы жүзеге асырылады, деді шаһар билігі.

Хабарламаларға жазылу