Өндірісі 46 мың тоннадан асқанына қарамастан, биыл елімізде құс еті шамамен 29 пайызға қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының өкілдері тауық етіне сұраныс 18 пайызға, яғни 1,2 келіге артқанын жеткізді. Отандық ет комбинаттары мен құс фермалары төрт айда ішкі нарықтағы сұранысты 88 пайызға қамтыған. Ал импорт көлемі былтырмен салыстырғанда керісінше азайған. Экспорт та төмендеді. Құс етімен қоса, қой мен сиыр еті де қымбаттап жатыр. Жауаптылар жалпы елде еттің бағасы 6 жылдан бері тұрақты емес, демек арзандамағанын айтады.
Ақерке Бектас