Ақмола облысында 2025 жылға дейін 177 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 2025 жылға дейін 177 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілмек

27.06.2022

Ақмола облысында 2025 жылға дейін 177 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қазір өңірде осы бағытта 63 жоба жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Бурабайда өткен брифингте айтылды. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың мәліметінше, қала тұрғындарының 95, ауылдық елді мекендердің 90 пайызында ауыз су бар. Енді 29 ауылды тіршілік нәрімен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. 72 ауылда кешенді блок модульдерді орнату көзделген. Бұдан бөлек, биыл облыста 1 мың шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ, Көкшетауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салынады. Облыс әкімі өңірдің соңғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы әңгімелеп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу