Украина Президенті Зеленский «Үлкен жетіліктен» көмек сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Президенті Зеленский «Үлкен жетіліктен» көмек сұрады

27.06.2022

Украина Президенті Владимир Зеленский «Үлкен жетілік» саммитіне бейнебайланыс арқылы шығып, индустриалдық мемлекеттердің басшыларынан әуе қорғанысы жүйесін беруді сұрады. Сонымен қатар, Зеленский форумға қатысушыларды Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге, Украина бидайын нарыққа шығаруға және қираған қалаларды қалпына келтіруге көмектесуге шақырды. Айта кетсек, Ресей қарулы күштері жексенбіде Украина астанасы Киевті тағы шабуылдады. Олар қалаға бірнеше зымыран жіберген. Снарядтар тұрғын үйлерге, балабақшаға түсті. Бір адам қаза тауып, алтауы жараланған. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу