Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды. БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Заң шығару қызметін халыққа дәріптеп жүрген журналистерге алғысын білдірді. Палата ақпараттың ашықтығына баса мән береді, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен және масс-медиамен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыра береді, - деді сенат спикері. Биыл «Парасат» байқауына 100-ден астам жұмыс келіп түскен. Олардың он шақтысы үздік атанды. Жеңімпаздар тізімінде әріптесіміз, Ақпараттық сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Жалғас Алтаев та бар. Ол «Жаңа Қазақстан» арнайы жүлдесі номинациясын жеңіп алды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Біздің палатамыз Сенат жалпы Парламент Президентіміздің реформасын жүзеге асыруға өз үлесін қосуда.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09