Мемлекет басшысы "Koç Holding" компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы "Koç Holding" компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады

27.06.2022

Мемлекет басшысы "Koç Holding" компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады. Президент компанияның қазіргі жұмысымен, сондай-ақ Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты. Али Кочтың айтуынша, түркиялық холдинг қорғаныс өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны қолға алуға ниеттеніп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, елде жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу