Елорадада отандық, шетелдік сарапшылар бизнесті бірігіп дамытудың жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорадада отандық, шетелдік сарапшылар бизнесті бірігіп дамытудың жолдары талқыланды

27.06.2022

Кіші және орта бизнесті цифрландыру экономиканы алға жылжытудың тетігі. Бүгін елорадада бас қосқан отандық және шетелдік сарапшылар бизнесті бірігіп дамытудың жолдарын талқылады.

«Astana Finance Days» деп аталатын қаржы конференциясының бүгін алғашқы күні. Жиында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің өкілдері ортақ онлайн платформаларды жүзеге асыру, цифрлық мүмкіндікті пайдалану арқылы бизнесті дамыту мәселелері жөнінде пікір білдірді.

Пандемия, сондай-ақ геополитикалық жаңа жағдайға байланысты әсіресе, азық-түлік қауіпсіздігі оларды өсіру, жеткізу мәселелері қиындап барады. Конференция аясында мұны реттеу жолдары да сөз болды. Ұйымға мүше 27 елдің тең жартысы осы жиынға келді. Қалғаны онлайн қатысып жатыр. Ауқымда шара 3 күнге жалғасады Бас-аяғы 11 тақырыптық форум өтеді деп жоспарланған. 

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің атқарушы директоры:

Қазіргі таңда түрлі жанжалдар тек қана Азия емес, Бүкіл әлемде орын алып жатыр. Оны еңсерудің жалғыз жолы халықаралық қатынастарды дамытып, мултилоторизм, Азия кеңесі сияқты платформаларды дамыту, транспорт, транзит жүйесі, өзара байланысты дамытпасақ, қиын-қыстау кезеңдер туындап қалуы мүмкін. Жиынның мақсаты да сол.

Хабарламаларға жазылу