Қазақ күресінен ХІ республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сыны елордада өтеді. Шешуші кезеңге жолдама алған палуандар 3-ші шілдеде «Барыс-Аренада» бақтарын сынайды. Сәуір-мамыр айларында өткен іріктеу жарыстарына 5 мыңға жуық спортшы қатысты. Нәтижесінде ең мықты деген 36 палуан ақтық сынға жолдама алды. Олардың арасында елге танымал Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаев бар. Жарысқа былтырғы жылдың жеңімпазы Дәурен Нұрәлиев пен екі дүркін «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров қатыспайды.
Боз кілемдегі жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан тікелей эфирде көре аласыздар.