Павлодарда суға түсуге барған жасөспірім із-түссіз жоғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда суға түсуге барған жасөспірім із-түссіз жоғалды

27.06.2022

Павлодарда 18 жасар жігіт іздестіріліп жатыр.

Ол қалалық жағажайға суға түсуге барған. Сол жерде жоғалады. Куәгерлердің айтуынша, жанында жолдасы болған. Бірер уақыттан соң ол жағажайдан кетіп қалған. Ал жоғалған жігіттің киімдері сол жерде қалған. Бірақ киінірек оны белгісіз біреу алып кеткен.

Өткен демалыс күндері Павлодарда қатты ыстық болып, жағажайда ине шаншар орын болмады. Тіпті, жігіттің суға қай тұстан сүңгіп, қалай батқанын адамдар байқамай қалған. Сондықтан құтқарушыларға хабар кеш жетті. Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірге іздестіру жұмыстарына еріктілер де кірісті.

Хабарламаларға жазылу