Ішкі туризм: Көркіне көз тоймайды, ал көңіл тола ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі туризм: Көркіне көз тоймайды, ал көңіл тола ма?

26.06.2022

Жаз шықса, жылда жырланатын ішкі туризм тақырыбына тоқталсақ. Пандемия кезінде сыртпен байланыс үзіліп, еліміздің көрікті жерлерін аралап кеттік. Бір пайдасы делік. Соңғы жылдары демалыс аймақтарының саны да, олардың табысы да артып жатыр. Былтыр оның алдындағы жылмен салыстырғанда қонақүйлер, отельдер мен өзге де орындар 73 пайызға көбірек қызмет көрсеткен екен. Туристер саны 2,5 млннан асқан. Әрине, ел ішінде саяхаттаушылар көбейгені қуантады.

Бірақ «әтегеңайлар» әлі де аз емес. Биыл ішкі туризм қымбаттай түсті. Бұған дейін де арзан болып жарытпап еді. Ал қызмет көрсету сапасы өзгеріп жатыр ма? «Туризм дәретханадан басталады» деп жатамыз. Ыңғайсыздау тақырыпты қозғауға тура келеді. Оңғар Алпысбайұлының материалы.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Туристер демалыс аймаған таңдаған кезде жету мүмкіндігіне, яғни жолға ерекше назар аударады. Нұр-Сұлтан қаласынан Щучье-Бурабай және зеренді курортты аймақтарына жол сайрап жатыр. Оның үстіне пойызбен де автобуспен де жетуге болады. Ал біз автокөлікпен таң сәрімен жолға шықтық.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Мінекей Бурабай курортты аймағына де келіп жеттік.Тура осы уақытқа дейінгі шығынымыз ақылы жол мен жанармайдың құны ғана. Ал енді Бурабай курортты аймағында көрсетілетін қызметтің сапасы мен бағасын бағамдаймыз. Бұл жақтағы кәсіпкерлер шынымен де сапалы қызмет көрсетіп отыр ма әлде тұмса табиғаттың сұлулығын пайдаланып ақша тауып отыр ма?

Бурабайда шомылау маусымы әлі басталмаған. Дегенмен демалушылар қарасы өте көп. Сәйкесінше түрлі ақылы қызмет көрсететіндер де жетерлік. Мәселен жарты сағатқа жалға қайық алсаңыз 6 мың, катамаран үшін 5 мың төлейсіз. Түрлі кәдесыйлар да самсап тұр.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Бұл Бурабайдың ең танымал жері. Мінекей жұмбақтас, оқжетпес тұр. Дегенмен тура осы жерге келгенде біз негізгі проблемалардың бар екенін көрдік. Жақын маңда тегін автотұрақ жоқ. Ең жақын тұрақ мінекей 1000 тг деп жазып қойған Бұл қонақ үйдің автотұрағы. Дегенмен, артық шығынданғысы келмеген тұрғындар көліктерін жол жиегіне әр жерге қойып тастаған.

Демалыстың құнына сәл кейін тоқталамыз. Алдымен турситерге жасалған қарапайым жағдайларға назар аударайық.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Бурабай ауылынан бастап абылайхан алаңына дейін көл жиегімен осындай жаяу жүргіншілер жолағы бар екен. Алайда мен осы жолдың үстінен әзірге бір де бір биоәжетхана және қоқыс шәшігін кездестіпмедім. Сондықтан тұрғындай қоқыстарын былай жолдың жиегіне лақтырып кетеді. Мен бұл қоқысты өзіммен бірге алайын. Сосын Келесі қоқыс жәшігіне дейін қанша метр екенін есептеп көрейік.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Солтүстік өңірге турист тартудың негізгі проблемасы ауа райы. Ашық, ыстық күндер өте аз. Мәселен жаңа ғана жаңбыр құйып өтті. Ағаштың тасасына тығылудан басқа амалымыз болмады. Айтпақшы мінекей орындық мына жерге орналастырылған екен. Алайда қоқысымды тастайытын жанында жәшік жоқ.

Ресми статистика бойынша Қазақстанға келген туристердің саны алғашқы 5 айдың ішінде ақ былтырғыдан 7 есе өскен. Демалушылар көбейген сайын қалдыратын қоқыстары көбейеді, экологиялық мәселе күрделене түседі.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Шамамен 200 метр жүргеннен кейін мынадай қоқыс жәшігін кезіктіріп отырмыз. Бурабайдың стильінде жасалған екен. Ал әзірге биоәжетхана кезіктіре алмадық.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

1662 шамамен жарты шақырымдай жүрдік. Әзірге биоәжетхана кезіктірмедік. Дегенмен мынадай ақылы әжетханалар бар екен. Құны 150 теңге.

Сағыныш Темірғали Қазақстанды автостоппен, яғни, жолай көліктермен аралап жүр. Алматыдан шыққанына 5 күн болған. Жолда Елордаға соғып, төртінші күні Бурабайға жетті. Көкшетауда бірнеше күн аялдап, батысқа жол тартпақ. Жол бойында жолаушылар үшін жасалған сервисті былай бағалады.

Сағыныш Темірғали, турист:

Қазақстанда қыдыру үшін сервис бар ма? Мүмкіндік бар ма екен? Мүмкіндік жоқ. Әжетханаларлас. Бізде қазір жол салынып жатыр. Өте нашар жолдар. Тамақтанатын жерлер де адам шошырлық жағдайда. Бағасы өте қымбат. 1 литр су 500 теңге. Ол деген өте көп қой.

Енді негізгі шығындарға тоқталайық. Демалушылар ақшасының көп бөлігін уақытша баспанаға жұмсайды. Жалпы, қонар жерлерді 4 ке бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы шипажай. Демалысынан бөлек, ем дом қабылдау мүмкіндігі бар. Баға өскен ал қызмет көрсету сапасына біраз көңіл бөлен дұрыс деп есептейді демалушылар.

2 апта дем алдым. Шипажайдың төлеміне бәріне 250 мың жайымен кетті. Алы былай енді есептемегенде. Біз енді экскурсияға бәріне барып жүрсіз ғой. Ол бөлек. Ол жеке ол. Тазалық жағы да онша кішкене көңілді толтырмайды. Ас мәзіріне кішкене көңіл аударған дұрыс еді.

Туристік аймақтарда жалға берілетін шағын бөлмелер де өте көп. Демалысқа аса ыңғайлы емес тек бағасы қолжетімді.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Мынау 1 бөлмелі ғана пәтер. Ас дайындайтын орны, тамақ ішетін орны бар. 3 адамға қонуға мүмкіндік жасалған. Киім ілгіші бар. Әжетханасы мен жуынатын бөлмесі бөлек орналасқан. Жапяу жүрсеңіз шамамен 5-7 минутта жағажайға жетуге болады. Қазіргі құны шамамен 15-200 мың теңге тәулігіне. Ал күн ысып, маусым қызған кезде 25-30 мың теңгеге дейін барады.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Ал қалтасы сәл қалыңдауларға мынадай үлкен үйлерді де жалға алуға болады. Бұл жерде алаңсыз дем алу үшін барлық жағдай жасалған. Бірнеше жатын бөлмесі бар. Ең бастысы көлдің жағасында орналасқан. Тәулігіне шамамен 100-150 мың теңгеден басталады құны.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Және де мынадай қонақ үй кешендеріндже дем алуға болады. Бұл зеренді көлінің жағасында орналасқан демалыс орны. Тура көлдің жиегінде. Ал бөлмелерінің бағасы ыңғайлылығына байланысты 25 мың теңгеден шамамен 60 мың теңгеге дейін жетеді.

Ресми ақпарат бойынша биыл елде демалу бағасы 12 пайызға өскен. Ұлттық компания өкілі оны елдегі жалпы инфляциямен байланыстырып отыр.

Даниель Сержанұлы «Kazakh tourism» АҚ Ұлттық компаниясының басқарушы директоры:

Турист жергілікті халық нені жейді соны жейді деген сияқты. Қандай транспортпен жүреді. Дәл сондай транспортпен жүреді. Жалпы баға өскені туризмге де әсер етеді. Алматыдағы көп ішкі нарыққа жұмыс істейтін компаниялар қазір тек қана Ресей тьуристерін қабылдап, соларға жұмыс істеп жатырмыз деген хабар айтып жатыр. Өткен айда Маңғыстауға 1 дегенде 300 джипер келген турист ретінде маңғыстау өңірін көреміз деп.

Қымбатшылық қарапайым тұрғындардың демалу мүмкіндігін шектеп отыр. Мәселен Ақтаулықтар теңізге шомылу үшін қаладан біраз жол жүруге мәжбүр. Қала ішіндегі жағажайлар ақылы, ал тегін жерлері тастақ, шомылу мүмкін емес.

Қазір жыл сайын туризмнен ел бюджетіне 100 млрд теңгеден астам пайда түседі. Жалпы ішкі өнімнің 5 пайызы осы салаға тиесілі. Жоспар 8 пайызға жеткізу. Ал мемлекет жеке компаниялардың баға саясатына араласа алмайды. Тек түрлі жеңілдіктер арқылы бағаны демалыс құнын төмендетуге тырысып бағуда. Мысалы, арнайы тур арқылы ел ішінде қыдыратын отбасылардың балалары ұшақта тегін ұша алады. Бұл шамамен пакетті 60 мың теңгеге арзандатады. Ал, жалпы бағаны арзандату үшін салаға кәсіпкерлерді көптеп тартып, бәсекелестікті арттыру қажет. Бұл шара сапаны арттыруға да мүмкіндік береді дейді мамандар.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу