Қарағандыда Ішкі істер министрлігіне қарасты Бәрімбек Бейсенов атындағы академия бүгін 50-ші рет түлек ұшырды.
Аталған білім ордасы негізінен тергеуші және криминалист мамандарын даяралайды. Оқу бітірген курсанттар «лейтенант» шенін алып шығады.
Жарты ғасырда академияны 20 мың жас офицер бітірді. 70 полицей «генерал» шенін алған. 33 заң ғылымдарының докторы шыққан. Ал биыл оқу орнын 250 курсант тәмәмдап отыр. Олардың 10-ы «үздік» дипломға бітірген.
Бүгін түлектерді құттықтап, диплом табыстау үшін Ішкі істер министрі арнайы барды. Алдымен, Марат Ахметжанов Бәрімбек Бейсеновтің ескеркішіне гүл шоқтарын қойды. Курсанттармен бірге «Уақыт» капсуласын салып, диплом табыстау шарасына қатысты.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
Бүгінгі таңда, Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес,Ішкі істер Министрлігі терең саналы бастамалар құруға кірісті.Басты мақсат,халықтың сенімін ақтап бюрократиядан арылып,адамға бағдарланған модульге көшу.
Әділ Жәнібеков, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы қарағанды академиясының түлегі:
Сақшы болу бала кезімнен арманым еді. Осы оқуға түскеніме өте қуаныштымын. Ал бүгінгі күнге дейін жеткенім үшін ұстаздарға алғыс айтамын. Академия басшылығына рахмет!