Ресейдегі қазақ балалары ана тілін үйрену үшін елге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі қазақ балалары ана тілін үйрену үшін елге келді

25.06.2022

Ресейдегі қазақ балалары ана тілін үйрену үшін Ақтөбе қаласына келді. Олар 12 күн бойы «Ана тілі әлемі» лагерінде дем алады. Бұл балалар жылы аясында қолға алынып отырған іс-шара.

Ресейдің 6 облысынан жиылған 31 бала ана тілін үйреніп қана қоймай, салт -дәстүрмен танысады. Тарихи отанына келген балалар үшін лагерьдің ашылуы мерекелік көңіл күйге толы болды. Кішкентай қонақтарды ақтөбеліктер үлкен қошеметпен қарсы алды. Балалар ұлттық аспаптарда ойнауды, қолөнер бұйымдарын дайындап, ұлттық тағам әзірлеуді де үйренеді.

Жалпы Ақтөбе мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық 2019 жылдан бері жалғасып келеді. Қазақ тілін дамыту бойынша шеберлік сағаттары да жүйелі түрде өткізіледі.

Сәуле Тайекешова, Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы орынбор өкілдігінің төрайымы:

Балаларымызға қазақша үйретейік деген жүректерінде жүрген бір армандары болған. Содан бастап жыл сайын, жылына үш рет тіл орталығы, Тіл комитеті басқармасынан бізге әр квартал сайын қаза тілі курсын үйретуге келуге мамандар келіп тұрады.

Мақсот Ізімбетова, оқушының анасы:

Біз Домбаровкада, Орскі қасында тұрамыз. Содан балалармен бірге біз де көрейік деп бірге еріп келдік. Ақтөбе құшақ жая қарсы қарсы алды. Енді шамалы да болса да үйреніп, қазақша сөйлейтін болар деп ойлап отырмыз.

Хабарламаларға жазылу